Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында салық төлеушілер кабинетінің қолданушыларына МӘМС жүйесіндегі ағымдағы мәртебелерін және төлемдердің тұрақтылығын тексеруді ұсынатын SMS-хабарламалар жіберілетіні хабарланды. Бұл шаралар МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесін жоғалтудың алдын алу үшін жасалып отыр.
Егер азаматтың мәртебесі «САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН» деп көрсетілсе, не істеу керек? 1) ҚЫЗМЕТКЕР жұмыс берушінің есепшісіне хабарласып, төлемдердің уақытылы жүргізілгенін тексеруі керек.
2) ЖЕКЕ КӘСІПКЕР немесе ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІ төленбеген айлар үшін жарналарды анықтап, Kaspi.kz, Halyk, BCC.KZ мобильді қосымшалары арқылы төлеуі қажет.
Егер азаматтың мәртебесі «САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН» деп көрсетілсе, не істеу керек? 1) ҚЫЗМЕТКЕР жұмыс берушінің есепшісіне хабарласып, төлемдердің уақытылы жүргізілгенін тексеруі керек.
2) ЖЕКЕ КӘСІПКЕР немесе ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІ төленбеген айлар үшін жарналарды анықтап, Kaspi.kz, Halyk, BCC.KZ мобильді қосымшалары арқылы төлеуі қажет.
Қосымша кеңес алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сайт (https://msqory.kz/), телеграм-бот (https://t.me/SaqtandyryBot), е-Өтініш платформасы (https://eotinish.gov.kz/) арқылы өтініш қалдыруға болады.
Айта кетейік, жұмыс берушілер мен салық агенттері қызметкерлерге (оның ішінде азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтіндерге) ай сайынғы аударымдар мен жарналар туралы хабарлауға міндетті (ҚР «МӘМС туралы» заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес). 30.09.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



